ШҚО-да құтқарушылар қар басқан ауылдағы жүкті әйелді перзентханаға жеткізді

285
көрілім

Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Вознесеновка ауылындағы толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар қар басқан ауылдағы аяғы ауыр әйелге жол талғамайтын көлікпен көмекке ұмтылған.

- Қалың қардың салдарынан ауылға апаратын қысқа жолмен жете алмадық. Қайтадан артқа жүріп, басқа бағытпен баруға тура келді. Әйтеуір дегенде 3 сағаттың ішінде діттеген жерге де жеттік. Осылайша жүкті әйелді дер кезінде аудандық орталық перзентханаға апардық, – дейді жедел-құтқару жасағының басшысы Қайрат Сәкенов.