Облыс құтқарушылары Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мейрамға орай жұмыс орындарына ұлттық киімдер киіп, «тұсау кесу», «қазақша күрес», «қол күресі», «арқан тарту» және гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіп, өзара бәсекелесті.
Өрт сөндіру бөлімінің аумағында әдемі қазақи нақышта көздің жауын алатын киіз үйлер тігіліп, қызметкерлерге дәстүлі наурыз көже ұсынылып т.б ұлттық тағамдар дайындалды. Шара барысында мекеме мамандары бір-біріне жаңа жылдық жылы лебіздерін білдіріп, ән шырқады.