Облыс әкімі Ермек Көшербаев прокуратура өкілдеріне қылмыстың қай түрі болсын, алдын алуда қолдау білдіретіндігін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысының сөзінше, жергілікті атқарушы органдардың түрлі салалардағы профилактикалық шаралары оң нәтижеге әкеле жатыр.
- Өңірдегі қылмыстың жалпы төмендеуі аясында (6,8%-ға, 2516-дан 2344-ке дейін) Үйлестіру кеңесінің мүшелері нақты қадамдар жасауға әзір. Алаяқтық пен есірткінің, әсіресе, олардың синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымын, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағыттау туралы шешім қабылдады, - делінген облыс прокуратурасының баспасөз қызмет ұсынған ақпаратта.
shkoda_kylmys_azayyp_keledi
59