ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеңес барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы лауазымды тұлғасына қатысты азамат Т.-ны аумақтық инспекцияның бас маманы лауазымына және өзінің туысының делдалдығы арқылы жалпы қамқорлығымен жұмысқа орналастырғаны үшін пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыным қаралды. Қылмыстық іс сотта қаралуда.
Бұдан басқа, аумақтық инспекция сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша пәрменді және тиімді жұмысты қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тетіктері іске қосылмаған.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы» ММ-не аталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептерді жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді.
– Профилактикалық жұмысты күшейту шеңберінде осындай ұсыныстар әрбір қылмыстық іс бойынша енгізіледі және қылмыс жасаған лауазымды адам тікелей жұмыс істеген мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарында қаралмақ, – дейді мамандар.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.