ШҚО-да қылмыстық құқық бұзушылық саны 8,8%-ға азайды

166
көрілім
Фотосуреттер: ШҚО ПД

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті басшылығының алғашқы жартыжылдықты қорытындылау жиынында айтылды, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов қойған міндеттердің іске асырылу барысын жеткізіп, бірқатар көрсеткіштер мен кемшіліктерді атап өтті.
- Жалпы облыс бойынша қоғамдық орындарда және жасөспірімдермен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 8,8%-ға төмендегені байқалады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлық көрсету, алаяқтық, тонау және ұрлық азайды. Сондай-ақ жалпы қылмыстың ашылуы оң көрсеткішке ие, - деді облыстың бас полицейі.

                                                                                                             
Дегенмен, Ерлан Болатұлы жол қауіпсіздігі әлі де жеткіліксіз деңгейде екенін жеткізді. 
- Жол-көлік оқиғалары жиі болып жатқандықтан жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Демалыс маусымы мен көлік ағынының ұлғаюын ескере отырып, бірқатар пәрменді шаралар қабылдау қажет, - деді ол.
Сондай-ақ жиналыс барысында шетелдік туристердің шекара маңында орналасқан аудандарда болу қауіпсіздігі мәселесі мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру ережелеріндегі бұзушылықтарды, рұқсат етілмеген полигондарды, қоғамдық орындардың ластануын анықтау бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі айтылды. 
Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтыққа, қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы күрес, синтетикалық түрлер мен олардың жарнамаларын анықтау ерекше бақылауда екенін жеткізді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бөлігінде жаңадан енгізілген заңдарды іске асыруға ерекше назар аударып, қылмыстық істерді толыққанды тергеп-тексеруді және сотқа жолдауды қамтамасыз ету жағы талқыланды.