ШҚО-да қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жинаумен айналысқан 6 адам ұсталды

317
көрілім

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ұлттық паркінің, 2017 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және ШҚО бойынша ҰҚКД Зайсан аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, сирек кездесетін алтын тамырға ұқсас өсімдікті жинаумен айналысқан топты құрықтады. Олардан 20 қаптан астам өсімдік тамыры тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округіндегі «Ашылы» учаскесінде болды.

Заңсыз әрекетпен айналысқан 6 адам анықталды. Барлығы Зайсан ауданының 35-55 жас аралығындағы тұрғындары. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Сараптама нәтижесі бойынша алтын тамыр екендігі белгілі болса, ұсталғандарға 3 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру қолданылады, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.