Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларға «Қызыл Ту» мұз өткелі бойынша толық салмағы 1,5 тоннадан аспайтын көлік құралдарының жүруіне рұқсат етілетіні туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалардың айтуынша, бұл шектеулер мұздың қалыңдығы мен жамылғысының жай-күйін ескере отырып енгізілген.
- Күршім ауданы мен облыс орталығы арасындағы үлкен жүк көлігінің көліктік қатынасы «Күршім - Үлкен Нарын - Алтай - Өскемен» және «Күршім-Зайсан - Өскемен» автомобиль жолдары бойынша жүзеге асырылады. Жүргізушілерден белгіленген жол белгілерінің талаптарын сақтауды және енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды жасауға мұқият қарауды сұраймыз, - делінген мәліметте.