ШҚО-да қызылшаға шалдыққандардың көбі екпе алмағандар

188
көрілім
Фотосурет Aikyn.kz сайтынан

Мұндай ақпаратты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 7 желтоқсандағы жағдай бойынша аймақта қызылшаның 146 расталған жағдайы тіркелді.
- Сырқаттанған адамдардың негізгі бөлігінің 72,6%-ын 14 жасқа дейінгі балалар (106 жағдай), 23,9%-ын ересектер (35 жағдай) және 3,4%-ын жасөспірімдер (5 жағдай) құрайды, - деді басшының орынбасары.
Спикердің мәліметінше, сырқаттанушылықтың 84,2%-ы егілмеген адамдар арасында тіркелген.
- 6 қарашадан бастап қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталғанын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 6 айдан 11 айға дейінгі 8672 және 2 жастан 4 жасқа дейінгі 3723 бала екпе алды, - деді Сәуле Слямғазина.