ШҚО-да қызылшамен ауырғандар саны артып келеді

303
көрілім
Фото: /almaty.tv сайтынан

Бүгінде аймақта қызылшаның 87 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 22 қарашаға сәйкес Шығыс Қазақстанда қызылшаның 87 жағдайы расталған. Ауырғандардың басым бөлігі (83,9%) 14 жасқа дейінгі балалар. Ең көп жұқтырғандар Өскеменде (70 адам) анықталды. Сондай-ақ, қызылша ауруы Глубокое, Самар, Ұлан, Зайсан және Алтай аудандарында тіркелді.
- Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар толықтай жүргізіліп, 4719 адам дәрігерлердің бақылауына алынды, - делінген комитет мәліметінде.
Қызылшаның одан әрі таралуына жол бермеу үшін 6 қарашадан бастап елімізде жаппай иммундеу басталды.