ШҚО-да мал ауруы азайды

514
көрілім

Өңірімізде соңғы уақытта белең алып бара жатқан мал ауруларының саны біршама азайған. Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев мәлім етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Биылғы жылдың 6 айындағы көрсеткіш бойынша малға екпе егу жұмыстарының атқарылуы бекітілген жоспардан асып түсті. Жарты жылдың ішінде 8 млн.-ға жуық вакциналау шарасы орындалу керек болатын. Ал облыстық Ветеринария басқармасы малдарға 8,5 млн екпе жасаған. Сонымен қатар, аймақтың әр ауданында аусылға қарсы жедел әрекет ету штабтары құрылыпты.

– Өткен жылмен салыстырғанда мал арасындағы вирусәкелушілік деңгейі 13-тен 4 ауданға азайды (Абай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар). Жүйелі жұмыстың нәтижесінде, біздің облысымыздан халықаралық эпизоотиялық бюроның аусыл ауруы бойынша шектеулері алынып тасталды, – дейді Асқар Жакупбаев.

Айта кету керек, биылғы жылы ветеринариялық іс-шараларға жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын.