ШҚО-да мал дәрігерлері тапшы

480
көрілім

Аудандардағы ауылдық округтерге бар-жоғы 25 кәсіби мал дәрігері қызмет көрсетеді, бірақ олардың өздері жастары келіп қалған азаматтар. Аталмыш ақпарат ветеринарлық-санитарлық сараптау саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өткен отырыс барысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жастар жағы мал дәрігері мамандығын игеруге аса құштар емес. Олардың жалақысы аз, ауыл дәрігерлері мен мұғалімдері сияқты көтермелеу шаралары жоқ. Ауа райына қарамастан тәуліктің кез келген уақытында шақыру, ауру малды тікелей емдеу… Бір сөзбен айтқанда мұндай жұмысқа белсеніп тұрғандар өте аз.

Кеңес Одағы кезеңімен салыстырғанда, мұндай мамандарды дайындау он есеге қысқарған, сондықтан мамандар осындай сәтті пайдаланып өзінің материалдық жағдайын жақсартуды ойлайды. Мысалы, жалған анықтама немесе ветеринарлық куәлік беруі мүмкін.