Бұл туралы қалалық мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Санат Сәрсенбаев Өскеменде өткен жиында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық әкімшілік сотының төрағасы Сайран Ибраевтың айтуынша, аталған қылмыс түрі ауылды жерлерде жиі тіркеледі. Ал Санат Сәрсенбаевтың сөзіне сүйенсек, бұдан былай мал ұрлығы ауыр қылмыс түріне жатады және оған бекітілген жаза түрі біршама күшейтілген.
– Облыс көлемінде мына ауданда мал ұрлау бойынша қылмысы көп, мына ауданда аз деп айта алмаймыз. Себебі мал ұрлаған адам сол ауданнан бірден еліміздің басқа өңіріне асырып жіберуі мүмкін. Десе де соңғы уақыттары Тарбағатайдың Ақсуат ауылында, Глубокое ауданында әлдебіреулер пайда болып, мал ұрлауды жиілеткен, – дейді Санат Сәрсенбаев.
Әділхан ЕСІМХАНОВ