Олар 70-тен астам мал ұрлап, етін оңтүстік өңірге сатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асады.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары заң бұзушыларды жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтаған. Мал ұрлаушылар иесіз жылқыларды мал ұстау орындарына жеткізіп, жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалдаған. Сондай-ақ олардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60-тан астам патрон тәркіленіп, сараптама тағайындалды.
Айыпталушылар сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда, олардың ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда.