ШҚО-да мамыр айында қандай тауар түрлері қымбаттады?

120
көрілім
Фотосурет Sn.kz сайтынан

Қазір сүт өнімдерінен бастап, сусындардың бағасын байқастасақ, арзандаған сәттері мүлде көзге ілікпейді. Жуықта Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистикасы бюросы өкілдері ақпарат ұсынып, азық-түлік қана емес, әр салада баға ауытқушылығы бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпаратты қабылдау жеңіл болу үшін осы жолы кестеге басымдық берілді. Алдымен ет бағасына тоқталайық.

Ет түрі

Қымбаттады

1

Жылқы

0,5%-ға

2

Қой

1%-ға

3

Ірі қара

1,8%-ға

4

Шошқа

0,6%-ға

5

Құс еті

0,1%-ға қымбаттады

Азық түлік тауарлары бойынша күріш – 0,4%-ға, сүт өнімдері 0,1%-ға қымбаттады. Бағаның аз-маз төмендеген кездері де бар. Мәселен:

Атауы

Арзандады

1

Қарақұмық

2,5%-ға

2

Арпа жармасы

2,9%-ға

3

Тары

0,4%-ға

4

Ұн

1,9%-ға

5

Вермишель

0,6%-ға

6

Спагетти

2,7%-ға

Мамыр айында шұжық (0,4%) пен теңіз өнімдері (1,3%) бағаларының өскені байқалады. Сүт өнімдері де (0,1%-ға) қымбаттапты. Онымен қатар:

  • Ұсақ қант – 1,3%-ға

  • Кондитерлік өнімдер – 0,4%-ға

  • Алкогольсіз сусындар – 0,9%-ға

  • Алкогольді сусындардың бағасы – 0,7%-ға өскен.

Бір айда киім-кешек бағасы аз-кем құбылды. Базарларда көп байқалмағанымен, сауда орындарында тез-ақ көзге түседі.

Тауар түрі

Қымбаттады

1

Ересектер мен балалар киімі

0,7%-ға

2

Аяқ-киім

0,9%-ға

3

Үй жиһаздары мен кілемдер

1,5%-ға

4

Тұрмыстық заттар

1,2%-ға

5

Фармацевтикалық өнім

0,4%-ға

  • Көліктер – 0,2%-ға

  • Велосипедтер бірден 3,9%-ға бағасы өсті.

Ресми мәліметте кір жуатын мәшинелер (0,9%-ға), тоңазытқыштар (0,2%-ға) дизельдік отын (0,2%-ға) және кейбір дәрі-дәрмек түрлерінің қымбаттағаны жазылған. Қорытындылай келсек, бірыңғай болмаса да, көп тауардың бағасы жоғарылады. Оның ішінде, жұрт жаппай тұтынатын фаст-фуд тағамдары, қонақүйлер мен мейрамханалардағы тамақ бағалары да белгілі бір мөлшерде қымбаттай түсті. Мамыр айының мәліметі осындай.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Фотосурет ашық дереккөзден