Тәртіп сақшылары Омбы-Майқапшағай тасжолында 26 жастағы ер адамды «КАМАЗ» жүк көлігін жүргізіп келе жатқан кезінде тоқтатқан. Ол, мас күйде болғанымен қоса көлік басқару құқығынан айырылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тексеру нәтижесінде Алматы қалалық сотымен жүргізуші ағымдағы жылдың тамыз айында көлік басқару кезінде мас болғаны үшін 1 жылға куәлігінен айырылған. Алайда бұдан сабақ алғанның орнына алкоголь қолданып, қайта рөлге отырған.
Осындай оқиға Аягөз қаласында орын алды. 31 жастағы «BMW» маркалы көлік иесі 2018 жылдың шілде айында аудандық соттың шешімімен темір тұлпарды тізгіндеу рұқсатынан айырылса да мас күйде тәртіп сақшыларына ұсталды.
Аталған оқиғалар бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.