ШҚО-да мас жүргізуші бағанаға соғылды

630
көрілім

ЖКО оқиғасы бойынша "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 6 қараша күні Күршім ауылында сағат түнгі 22.00 шамасында болған.

- 27 жастағы жүргізуші ВАЗ 21110 автокөлігімен көше бойында келе жатып рөлді басқара алмай, электр бағанасына соғылған. Оқиға барысында ер адам мас күйінде болған, келтірілген шығын мөлшері анықталып, Қылмыстық Кодекстің 346-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына кінәлі адам бұған дейін де көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты.