ШҚО-да мас жүргізуші велосипедшіні қағып өлтірді

4562
көрілім

Күршім ауданында мас жүргізуші велосипедшіні қаққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 қазан күні сағат 11:00-де Күршім ауылында болған. Мас жүргізуші қаққан велосипедші сол жерде жантәсілім етті.

– ИЖ Москвич 2717» автокөлігін тізгіндеген 57 жастағы ер адам жылдамдықты асырып рульге ие бола алмай қалып, жолдың шетінде келе жатқан 61 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Ол бірден оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін тауып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен және 347 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.