ШҚО-да медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 840,2 млн.теңге бөлінген

715
көрілім

Өскеменде «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында өңірдегі білім және денсаулық саласы бойынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.

- ШҚО-да 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру»  жобасы табысты іске асырылуда, онда аталған жобаның нысаналы тобы мектеп түлектері, NEET жастар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар және өзін-өзі жұмыспен қамтылған халық болып саналады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 6890 орынды құрайды, яғни 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 10%-ға ұлғайды. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 2025 жылға дейін 9-сынып түлектерін тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға арналған қосымша 2800 орын бөлінді, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.


Аймақта денсаулық саласын дамыту бағытындағы жұмыстарда қарқынды жүргізілуде.  Дәрігерлердің біліктілігін арттыру тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
- Адами капиталды дамытуға 2022 жылы облыстық бюджеттен кардиология, қан айналымы жүйесінің аурулары, ана мен баланы қорғау, гематология және онкогематология бағыттары бойынша қомақты қаржы жұмсалмақ. Нақты айтсақ, Израиль мен Германияның жетекші клиникаларында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 840,2 млн.теңге бөлінді, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанова.
 Жиын соңында кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне партияның сайлауалды бағдарламасында бекітілген нақты көрсеткіштерді сапалы орындау қажеттігін жеткізді.