ШҚО-да медициналық көмек ала алмаған әйелге жарты миллион теңге төленбек

232
көрілім
Фотосурет dauletten.kz

Күршім аудандық соты моральдық-материалдық шығынды өтеуді талап еткен әйелдің шағымын қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, ол созылмалы ауруын емдеу үшін медициналық орталықпен келісімшартқа отырған. Емнің ақысын төлеу үшін несие де алған. Бірақ тиісті ем-дом шаралары жүргізілмеді. Бос орынның жоқтығын айтып, оны жарты жыл бойы дәрігердің қабылдауына жазбаған.

Әйел адам ақшаны қайтару туралы өтінішпен басшылыққа жүгінді. Бірақ мекемедегілер оны тіпті дәрігер қабылдауына жазудан бас тартқан. Оның орнына күзет қызметкерін шақырып, науқасты ғимараттан шығаруды бұйырды. Күзетші әйелдің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп үлгерген.

Бұл дау медиация тәртібімен шешілді. Тараптар келісімге келіп, сот оны бекітті.
Жауапкер талап арызды мойындап, 500 000 теңге көлемінде материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу сомасын төлейтін болды. Әйел адам даудың медиация көмегімен реттелуіне байланысты арыз беруден бас тартты.

Мемлекеттік бажды төлеу бойынша қаржы талапкерге қайтарылды.
Аталған іс бойынша жұмыстар тоқтатылды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА