Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен жиында өңір басшысы Даниал Ахметов туризм саласына кеңірек тоқталды. Мәлім болғандай, облыста сауықтыру және медициналық туризмды алға бастыру бойынша бар жағдай жасалған.
Қазір өңірде Алакөл жағалауы абаттандырылып, еліміздің 10 үздік басымдығы жоғары туристік нысанға еніп отыр. Соңғы 3 жылда жағалауларды абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту үшін облыстық қазынадан 6,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Алдағы 4 жылда құны 28 млрд теңге болатын тағы жеті ірі инфраққұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде сумен жабдықтау және су, электр желісін тарту, сонымен қатар Үжар ауылындағы әуежайды қайта жабдықтау жұмыстарын айта кетуге болады.
Туристердің Алакөл жағалауына жылдың суық мезгілінде де келуі үшін қазір шипажайлар салу жағы қарастырылуда. Ресейлік курортология және физиотерапия ғылыми зерттеу орталығы өзен-көлдердегі шөптердің емдік қасиеттерін зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, емдік-сауықтыру туризмін дамытудың басымдығын атап өтті.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта елімізде медициналық туризм бес медициналық қызметке ие: кардиохирургия, нейрохирургия, буындарды протездеу, стоматология және дене сыртынан ұрықтандыру. Оның үшеуі – кардиохирургия, нейрохирургия және буындарды протездеу облыстағы емханаларда жасалады. Мән берер жайт, өңірде жасалып жатқан мұндай жаңалықтар сапасы жағынан да біршама жоғары.
Айталық, АҚШ-та жүрек қақпақшасын ауыстыруға 130 мың долларға жуық қаражат жұмсалса, Үндістанда медициналық туризм саласында 10 мың доллар жұмсалатын қаржы еліміздегіден гөрі (1,6 мың доллар) едәуір қымбат. Ал тамырларға қатысты ота – АҚШ-та 4,6 мың долларға жасалады екен. Қазір Америкада антихирургия ең қымбат саналып, оның құны – 160 мың долларға дейін барса, Үндістанда небәрі 9000 мың доллар.
Бұдан бөлек, облыстағы онкологиялық емханалар жабдықталу және көрсететін қызмет сапасы бойынша ішкі сегмент көлемінде үздік саналып отыр.
Медициналық және сауықтыру туризмін дамыту ішкі туризмнің артуына қарай қалыптасады. Сонымен қатар медициналық турист чегі орта деңгейден 1,3 есеге жоғары болғандықтан қосымша табыс түсіреді. Тағы бір жайт, медициналық туризм шипажайлық-курорттық саланы дамытуға септігін тигізеді.