Даниал Ахметов мемлекет бюджетінен бөлінген қаржыны уақтылы игеріп, жұмысты еңсерген аудан, қалаларды қолдау бағытында ынталандыру жүйесін құруды тапсырды.
Аймақ басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес бөлінген қаражат толық игерілуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, тоқсан бойынша бөлінген қаражатты толық игерген әкімдер көтермеленеді. Яғни, қаржыны уақтылы игерген аудандар мен қалаларға әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қосымша қаражат бөлінеді.
– Мәселен. Тарбағатай ауданы қаржыны уақтылы игеріп, жұмысты еңсерсе – ол ауданға қосымша 50 миллион теңге беріледі. Ал төрт тоқсанда ол ауданға 200 миллион теңге бөлінеді, – дейді облыс әкімі
Аймақ басшысы ынталандыру жүйесін құру жұмысын орынбасары Қуат Тұмабаевқа тапсырды.