ШҚО-да мемлекетке 3,5 млн теңге қарызын төлемеген ер адам ұсталды

679
көрілім

Жуырда Зайсан аудандық полиция бөліміне мемлекеттік мекемеге келтірілген залал үшін 3 500 000 теңге қарызы бар борышкерге іздеу туралы мемлекеттік сот орындаушысының қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2017 жылы Тарбағатай ауданындағы тасжолда 53 жастағы ер адам «Skoda» қызметтік автокөлігімен жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Өскемен қаласы сотының шешімі негізінде, енді ол екі жылдан астам уақыт төлемеген қарызын өтейді.

- Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметіндегілер бір тәулік ішінде борышкердің Зайсан қаласында орналасқан жерін анықтады, - деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. - Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.