ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Департаменті басшылығының қолдауымен онлайн форматта судьялар мен кеңсе мамандары үшін оқу семинары өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Модератор есебінде сөз алған Мейіргүл Сахариева сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық актілерге тоқталды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына ерекше назар аударды. Оқыту барысында, спикер мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына және мінез-құлық стандарттарын сақтау маңыздылығын атап өтті.
Ауданаралық сот төрағасы Бердіғали Кәсеновтың айтуынша, осындай алдын-алу іс-шараларын өткізілуі тиімді және қажет. Әр тыңдарман, ұсынылған материалды тыңдап, өзі үшін қажетті қорытынды жасау мүмкіндігін алады.
Ұйымдастырушылар «Zoom» платформасы арқылы жоспарлы түрде осындай ынтымастықпен оқу семинарларын жалғастыруға ниетті.