Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аумағында өткен брифинг барысында мемлекеттік сатып алу кезінде жиі бұзушылық тіркелетін қалалар айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Рустам Байырбековтың айтуынша, облыс аудандарында осы бағытта қандай да бір бұзушылықтар тіркелмеді.
– Мәліметтер базасында аудандарға қатысты тәртіп бұзушылық жайлы ақпараттар түспеді. Біз уақтылы сараптамалар жасап отырамыз. Егер факт ресми түрде нақтыланса, басқарма басшылығы бұзушылықтарды бірден тіркейді. Ал қалаларға келсек, бұл жағынан Өскемен, Семейде арыз-шағымдар көп түседі, – деді ол.