ШҚО-да мәслихат депутаттарының жұмысы қорытындыланды

470
көрілім

Облыс әкімдігінде өткен бойынша мәслихат депутаттарының жиында өңір жұмысы қорытындыланып, жауапты тұлғалар тиісті бағасын берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір облыстағы мәслихат депуттарының саны – 308. Алайда облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюктің сөзінше, олардың саны 321 болуы тиіс. Дегенмен олардың жалпы санынан бөлек, депутаттық лауазымына сәйкес атқарып жатқан жұмыстарына жалпылама баға берілді. Анығы сол, қазіргі уақытта жауапты тұлғалар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда сиретіп алған.

– Қазір депутаттардың сайлау алды бағдарламаларының 80 пайызы орындалды, – дейді Владимир Головатюк. Олар атқарушы органдармен тізе қосып, тұрғындар тарапынан түскен мәселелерге көз жүгіртіп, бір шешімін табуды жоспарға қойған. Десе де мұндай жұмыстар өз деңгейінде атқарылмай келеді. Түскен өтініштердің тек 88 пайызы қаралған. Бұл төмен көрсеткіш.

Сонымен төмен көрсеткішке ие мына өңірлер: Семей – 70, Аягөз ауданы – 67, Күршім ауданы – 54 пайыз. «Nur Otan» партиясы жергілікті филиалдарының депутаттарына келіп түскен 7000 тұрғыннан өтініш түскен. Орындалғаны – 6265, пайызға шаққанда 84. Мәслихат хатшысының айтуынша, бұл көрсеткіш те көңіл көншітпейді. Олқылықтың орнын толтыру үшін депуттар өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тұрғындармен ұдайы байланыста болулары қажет.

Әділхан ЕСІМХАНОВ