ШҚО-да мәжілісмендер су қоймасына барды

396
көрілім

Еліміздің батысындағы бірқатар елді мекендердің тұрғындарынан тасқын судан тұрғын үй-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы туралы өтініштер жиілеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлердің көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров, Еділ Жаңбыршин және Зарина Қамаcова облысқа арнайы жұмыс сапарымен келді.
Халық қалаулылары Глубокое ауданы Белоусовка ауылында орналасқан су қоймасына барып ондағы нақты жағдайды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар аталған аудандағы Прогресс, Предгорное ауылдарындағы су тасқыны қауіпі бар  учаскелерін аралап тексеру жұмыстарын жүргізді.
– Өңірлерге арнайы жұмыс сапармен келудегі басты мақсатымыз су тасқыны қауіпі бар деген учаскелерді аралап, ауқымды су қоймаларының жағдайын көзбен көру. Нақты айтқанда бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан тасқын су мәселесіне байланысты өте көптеген сауалдар түсуде. Сондықтан да тұрғындардың өтініштерін ескере отырып тасқын судың алдын алу. Өңірлерде су қоймаларында түйткілді мәселеде жоқ емес. Мен бұған дейінгі Шығысқа арналған жұмыс сапарымда Зайсан ауданындағы Үйдене, Тарбағатай ауданындағы Қандысу су қоймаларындағы өзекті мәселерді көтерген болатынмын.  Біз мәселенің салдарымен емес себебімен күресуіміз қажет, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.


Мамандардың айтуынша, Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы су қоймасы 1946 жылы пайдалануға берілген. Глубочанка өзені мен кіші Ертіс өзенінің оң жағалауы құяды. Су қоймасының түрі – арналық, жағалау сызығы бойынша ұзындығы 3,3 км, көлемі 1,3 млн.м3, көлемі 1 млн. м3., максималды тереңдігі 8.5 м, орташа тереңдігі 2.4 м. Есептік өткізу қабілеті 40 м3/сек құрайды. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
– Азаматтар тарапынан көтерілген кез-келген мәселе назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік орган өкілдері мен депутаттарды халықпен жиі жүздесіп, толғандырған мәселерінің оң шешім табуына атсалысуды үнемі айтып келеді. Бүгінгі біздің жұмыс сапарымызда мемлекет басшысының осы тапсырмасының аясында жүзеге асырылып отыр, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.
Депутаттар одан әрі Риддер қаласы, Алтай, Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарын аралап ондағы су қоймаларының жұмысымен танысып ауыл тұрғындарымен кездесетін болады.