ШҚО-да «Miras» аймақтық кеңесі отырысында мемлекеттік тіл мәселесі көтерілді

619
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан іс – шаралар бойынша ШҚО мәдениет басқармасының есебін тыңдады.
«Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында жыл басынан бері облыстық деңгейде әртүрлі форматтағы 171 шара өткізілді. ШҚ Лингвистика орталығы Өскемен қаласы бойынша 23 мекемемен келісім шарт негізінде қызметкерлерге мемлекеттік тілді тегін оқыту курсын жүргізіп отыр. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қалалар мен аудандардан түскен 793 өтінім негізінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығы облыста ағымдағы жылғы қазанда диагностикалық «Қазтест» өткізуді жоспарлауда»,- деді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.
Сонымен қатар кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басым бағыттарды талқылады.