ШҚО-да мониторинг кезінде 27 келіден астам өнімнің жарамсыз екендігі анықталды

489
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін тексеру бойынша мониторинг жиі өткізіліп тұрады. Санитарлық эпидемиялық бақылау мамандары жуырда сол тексеріс қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстағы сауда дүкендеріндегі тағам өнімдерінің 23 сынамасы былтыр және осы жылдың төрт айы бойынша микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмеген. Жарамдылық мерзімі өткен әрі өнімді таңбалау кезінде олқылықтарға жол берген.
– Мерзімі өткен тауар саудалағаны үшін орындаушыға 2333600 теңге айыппұл салынды, – деді ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер. – Анықталған бұзушылықтарды жою үшін алдын ала ұйғарым шығарылды.
Құзырлы мекеме өкілдерінің мәліметінше, орындаушыдан 27 келіден астам жарамсыз тағам өнімдері алынған.
– Жарамдылық мерзімі өткен өнімді тұтынудың соңы улануға әкеп соқтырады және денсаулыққа айтарлықтай зиян, – дейді мамандар. –  Сол себепті аталған азық-түлік өнімдерін сатып алмас бұрын оның түсіне, иісіне, консистенциясына, ілеспе құжаты мен сақтау мерзіміне жіті мән беру керек. Хот-дог, бургер, пицца, снек сияқты қаптамадағы тағам сатып алғанда дайындалған және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыздар. Одан бөлек, қаптаманың бүтін әрі мыжылмағандығын ескерген жөн.
Егер мерзімі өткен өнім байқасаңыздар Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе аумақтық санитарлық эпидемиялық бақылауға жүгінуге болады.