ШҚО-да мореналық көлдерге зерттеу жүргізілді

100
көрілім
Фотосурет: ШҚО ТЖД

Өңірдің таулы аудандарында 144 мореналық көл бар. Оның 30-ы Риддер қаласының маңындағы Громотуха өзенінің бассейнінде орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының Риддер ӨПБ қызметкерлері жер бедерінің тіктігі мен күрделілігіне байланысты арбалы көлікпен 8 көлге аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізді.

-Зерттеу нәтижесінде қызметкерлер су деңгейі қалыпты деңгейде екенін анықтады. Сел жағдайы тұрақты. Су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес - деді филиал басшысы Советбек Станбеков.