ШҚО-да мұқтаж жандарға азық-түлік таратылуда

339
көрілім

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары «Biz birgemiz» акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акция аясында мемлекеттік қызметкерлер көпбалалы отбасыларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған жанұяларға азық түлік таратты.

– Төтенше жағдай режиміне орай енгізілген қосымша шектеулер кезінде тұрғындар үйде болулары үшін азық-түліктер мен жеке бас гигиена заттарын олардың үйлеріне дейін жеткізіп бердік. «Біз біргеміз» акциясының әлеуметтік маңызы зор. Осындай игі шаралардан алдағы уақытта да қалыс қалмаймыз, – деді ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары.