Бұл инклюзивті білім беруді дамыту жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың қараша айынан бастап іске қосылды. Аймақтың 38 мектебінде мүгедек балаларға арналған орта құрылды 100 мектепке арнайы түзету жабдықтары мен әдебиеттер жеткізілді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқи алады. Жобаны жүзеге асыру барысында бюджеттен тыс 70 миллион теңге қаржы бөлінді.
Осы уақытқа дейін облыста ресурстық екі сынып, зағип балаларға арналған бір сынып ашылды. Сондай-ақ Семей қаласында психологиялық-педагогиалық түзету кабениеті жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда тағы төрт психологиялық-педагогикалық түзету сыныптарын ашу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ерекше балалармен жұмыс істеуге 1200 педагог әзірлік үстінде. Бұл орайда 500 мұғалім оқуларын аяқтаған.