ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік қызмет түрлерін қалай алады?

382
көрілім
Шартты фотосурет

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға үлкен көңіл бөледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалына сілтеме жасап.

Мамандар 1, 2 топтағы мүгедектер мен ҰОС қатысушылары үйден мемлекеттік қызметтерді қалай ала алатындығына тоқталды.

– Мемлекеттік қызметті алу үшін мобильді топты үйге шақырудың екі жолы бар:

1. Бірыңғай байланыс орталығына 1414 қоңырау шалу:

Корпорация қызметкерлері өтінім келіп түскеннен кейін 56 сағат ішінде көрсетілген мекенжай бойынша келіп, қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, қызмет алушының қалауынша egov.kz электрондық үкімет порталының дағдыларына оқыту жүргізіледі.

Енді өтінім қалдыру үшін қызмет біздің сайтта да қолжетімді gov4c.kz:

Ол үшін сізге "Мемлекеттік қызметтер"бөліміне, басты бетке кіру қажет. Мұнда таңдайсыз "Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін". Ашылған терезеде жеке деректерді толтырып, телефон нөмірін қалдырыңыз және өтінішті жіберіңіз.

Сонымен қатар, жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйде қызмет көрсетіледі. Олар сондай-ақ 1414 байланыс орталығына немесе электрондық өтініш бере алады, – дейді мамандар.