ШҚО-да мұз жарылып, суға құлаған балықшылар құтқарылды

754
көрілім

2 ер адам мұз үстіне балық аулуға шыққан уақытта мұз жарылып, машина суға түсіп кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 27 қараша күні Алғабас ауылының маңында сағат 20.30 шамасында орын алған.

ШҚО ТЖД хабарлауынша су қоймасының бұл бөлгіндегі мұздың қалыңдығы 7 см болады. Негізінен мұздың қалыңдығы 20 см болғанда ғана қауіпсіз деп саналады.

- Балықшылардың жолдары болды. Себебі мұз жағалауға жақын жерде жарылған. Тек көлік қана суға түскен, - дейді департаменттің баспасөз қызметі. - Құтқарушылар мен оқиға орнында болғандар көлікті судан шығаруға көмектесіп, зардап шеккендерді Күршімге жеткізді.

Балықшылардың қазіргі жағдайы қалыпты.

ШҚО-да жыл басынан бері сегіз адам суға кеткен.