«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 18 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жауын жаууы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал түнде өңірдің батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде найзағай соғып, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 23 м/с құраса, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып 15-20 м/с екпінмен жел соғады.
Айта кетейік, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Мамандар төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөміріне хабарласуды еске салады.