«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 5 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күндіз бұршақ, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстан екпіні 23 м/с жететін жел соғады.
Ал Өскеменде күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
ТЖД мамандары найзағай соғып тұрғанда ұялы телефонымен сөйлесуге болмайтынын, жел екпіні қатты кезде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамауға кеңес береді.
Төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.
shkoda_nayzahay__burshak_pen_dauyl_kutiledi
59