ШҚО-да найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі

267
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратынша, 7 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Күндіз бұршақ, найзағай, дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батыс, солтүстік, шығыс бөлігінде екпіні 23 м/с жететін жел соғады. 
Ал Өскеменде күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел соғады.
ТЖД мамандары найзағай соғып тұрғанда ұялы телефонмен сөйлесуге болмайтынын, жел екпіні қатты кезде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамауға кеңес береді.
Төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.