«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратынша, 10 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел оңтүстік-батыстан соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-23 м/с жететін жел ұйтқиды
Ал Өскеменде күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
ТЖД мамандары найзағай соғып тұрғанда ұялы телефонмен сөйлесуге болмайтынын, жел екпіні қатты кезде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамауға кеңес береді.
Төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.