«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратынша, 16 шілдеде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай және бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйтқиды.Облыс орталығында найзағай соғуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
ТЖД мамандары найзағай соғып тұрғанда ұялы телефонмен сөйлесуге болмайтынын, жел екпіні қатты кезде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамауға кеңес береді.
Төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.