«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратынша, 17 шілдеде күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірдің оңтүстік-шығысынан солтүстік пен шығысқа 15-20 м/с жететін жел соғуы мүмкін. Ал Өскеменде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с болатын жел соғады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Мамандар төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөміріне хабарласуды еске салады.
shkoda_nayzahay__burshak_pen_dauyl_kutiledi_5
59