Аталған шара Тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, қазан айының 11-18 күндерін қамтитын шарада өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін болдырмау да назарда тұрады.
- ШҚО-да заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін базарларда рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар көші-қон полициясы қызметкерлері барлық құрылыс нысандарын, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді. Заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, - деп атап өтті ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.