ШҚО-да нөсер жауын күтіледі

638
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етуі салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының солтүстігінде түнде тұман түсіп, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында - найзағай, бұршақ, дауыл соғып, жел екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын күтіліп, найзағай ойнап, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында найзағай, дауыл болады деп болжануда.