«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында Мәжіліс депутаттары Василий Олейник пен Евгений Козлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Депутаттардың қабылдауына келген азаматтардың арыз-шағымдары әр түрлі болды. Басым көпшілігі мәселелеріне қатысты соттың шығарған шешімімен келіспейтіндіктерін айтып, халық қалаулыларынан көмек сұрады.
– Сіздердің сұрақтарыңыз бен мәселелеріңізді түсініп отырмын. Қозғалған мәселелердің шешімін табуға депутат ретінде қолымнан келгенше ықпал етемін. Дегенмен кез-келген мәселенің тек заң аясында шешілетіндігін сіздерге баса айтқым келеді, – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Василий Олейник.
Қабылдауға келген азаматтар кейбір түйткілді мәселелердің түйіні тарқауына «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында тұрақты жүргізілетін қоғамдық қабылдаулардың ықпалы айрықша екендігін атап өтті.