ШҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары талқыланды

469
көрілім

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау аймақтық қоғамдық кеңесі, Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау жөніндегі кеңес пен білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Үш бірдей Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасындағы нақты бағыттар мен тармақтардың орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда республикалық Жол картасы (46, 54, тармақтары) мен 2021 жылға арналған партияның сайлауалды бағдарламасының облыстық Жол картасының (84, 85, 86, 87-тармақтары) жай-жапсары сөз етілді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының республикалық және облыстық Жол картасын іске асыру мониторингі ерекше бақылауда. Мәселен, 84-тармақты орындау шеңберінде (ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында) жыл сайын облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған объектілердің жалпы санының кемінде 20% - ын бейімдеу жоспарланған көрінеді.

Биыл ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қосымша бейімделуді талап ететін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілген. Биылдан бастап 2025 жылға дейін 1936 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін қосымша жарақтандыру жоспарланған, - деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Айгүл Сұлтанова.

Жиынға қатысқан тиісті басқармалардың өкілдері 8 ай көлемінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасы аясында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.

Отырыс соңында кеңес мүшелері тарапынан сайлауалды бағдарламада берілген уәделердің сапалы орындалуы бойынша жұмыстарға қатысты ұсыныстар да айтылды.