Облыстық аурухананың консультативті-диагностикалық орталығында науқастарға қызмсет көрсетудің жаңа технологияларын енгізілуде деп хабарлайды газет тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұнда талдау алуға электронды кезек жұмыс істей бастады. Талон алған пациенттер өз кезегін фойеде отырып, еш алаңдамай күте алады. Электронды тақташада кезектің нөмірі мен пациенттің тіркелетін кабинеті көрсетіледі. Бір уақытта бюджеттік және ақылы пациенттердың кезегі қатар жүріп отырады. Олар екі түрлі кабинетте тіркеледі.
Тіркеу кезінде жеке бас куәлігі сканерден өткізіліп, әр пациентке штрихкод беріледі. Бұл штрихкод пробиркаға түсіріледі. Демек, талдаудың жоғалуы немесе тегі бойынша ауысып кету қауіпі жойылады. Талдаудың мәліметтері базада сақталады.
Терминалдың жанында кеңеші жұмыс істейді. Науқастар легі көбейсе, тағы бр қызметкер көмекке келеді. Жақын арада электронды тіркеуді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Барлық пациенттер бір кабинеттің алдында тұрып қалмау үшін логистика әзірленуде.
Облыстық аурухананың консультативті-диганостикалық орталығындағы жаңа енгізулер облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған «Ақылды қала» концепциясына кіретінін еске сала кетеміз.