Көктемде өңірдегі бірқатар жолды тасқын су шайып кету қауіпі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көбі Катонқарағай ауданы аумағында дейді.
– Жолдарды күтіп ұстауға «ОблШығысЖол» ЖШС жауапты, – дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрдан Жұмаділов. – Былтырғы тәжірибеге сүйеніп, 13 учаскені ерекше бақылауға алып отырмыз.
Бұлар:
-
Үлкен Нарын - Күршім
-
Өскемен - Самар - Тарғын
-
Мамай батыр аулы - Бозанбай
-
Омбы - Майқапшағай
-
Октябрьск өткелі - Алтайка елдімекені - Ново-Хайрузовка
-
Алтайка - Чапаево
-
Шемонаиха - Секисовка
-
Тарханка - Топиха
Әр учаскеге тиісті мамандар бекітілді. Ақпан айының үшінші онкүндігінде мамандар су өткізгіш құрылыстарын бақылауға ала бастайды.