ШҚО-да облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге үш миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген

338
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі аумағында өткен жиналыс барысында облыс көлемінде өзекті саналатын бірнеше тақырып қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта бес жоба бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

– Айталық, «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 70-85 шақырым аралығы, халық көп жылдан бері айтып жүрген «Өскемен-Алматы» жолы бойындағы Шар мен Бақыршық учаскесі, Бородулиха ауылы арқылы өтетін «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» жолының 7-16 шақырым аралығы, сонымен қатар «Барлықарасан» шипажайынан Алакөл жағалауына апаратын жолдың 0-16 шақырым аралығы жөнделуде, – деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров.

Жауапты тұлға биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге үш миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін мәлімдеді.