Жантүршігерлік оқиға Шемонаиха ауданында орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бөлімшеге қоңырау шалған әйел азаматтық некедегі күйеуі мас күйде кәмелетке толмаған қызын қорлағанын айтқан.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында жедел-іздестіру шараларын жариялап, 29 жастағы күдіктінің ізіне түскен. Артынан полицейлер оның асылған жансыз денесін тапты. Болжам бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған.
Сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.