2017-2018 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының білім ошақтарында оқушылар оқу әдебиеттерімен 100% қамтамасыз етіледі. Жаңа оқу жылында мектеп кітапханаларын толықтыруға 1 762,8 млн теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаровтың мәліметіне сүйенсек, мектептерге 791 361 дана оқулық тапсырылды. Оның ішінде 2,5,7 сынып оқушылары биыл жаңартылған білім беру мазмұнына көшетіндіктен, 736 112 дана жаңа мазмұндағы оқулық алынған.
– Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында 5 373 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткізілді. Жылдың аяғына дейін тағы 2,5,7 сыныптарға білім беретін тағы 4 000 педагог мамандарды курстан өткізуді жоспарлап отырмыз. Оқу сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар осымен шектеліп қалмайды, – деді Нұргелді Әбжаппаров.