ШҚО-да оқушылар үздік StartUp жобаларды қорғады

355
көрілім

«Цифрлы Шығыс – 2019» форумының аясында өңір мектептерінің оқушылары StartUp жобаларын қорғады. ШҚО әкімдігінің инвестициялық орталығында өткен шараға 15 үздік жоба ұсынылды.

Қазылар алқасының құрамында облыс әкімі аппаратының өкілдері, ЖОО мен өңірдегі ІТ-компанияларының мамандары болды.

– Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мұнда IT-технология саласын жетік білетін балалар жиналды. Өткен жылы StartUp-жобалар байқауына 10 мектептің оқушылары қатысқан. Биыл олардың қатары екі есеге артты. Бұл қуантарлық көрсеткіш. Балалардың ұсынып отырған жобалары жан-жақты қамтылған. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты жобалар да бар. Мысалы, теңге алу, «Ақылды мектеп», сондай-ақ тасқынның алдын алу сынды қызықты жобаларды ұсынып, оны іске асыруды жоспарлап отыр, – дейді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марина Гагарина.

Байқаудың қорытындысы «Цифрлы Шығыс – 2019» IT-форумында жарияланатын болады.