Тәуелсіздіктің 30 жылдығын бүкіл елімізбен бірге, Шығыс Қазақстан облысы да, өмірдің барлық салаларында елеулі жетістіктер және табыстармен қарсы алып отыр. Өнеркәсіп жалпы өңірлік өнімнің тірегі болып табылатындықтан, Шығыс Қазақстан облысында дағдарыс кезеңдерінің өзінде өңір басшылығының да, ірі кәсіпорындар басшылығының да дағдарысқа қарсы барлық ықтимал бағдарламаларының арқасында дамудың оң серпіні байқалды.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыстан аман өткен біздің ірі кәсіпорындарымыз 30 жыл бұрын өнеркәсіп өнімінің көлемі бар-жоғы 28 млн. теңгені құраса, бүгінгі күні жылына 2 трлн. теңге болатын деңгейге жетті.
Казцинктің мыс балқыту зауыты, Өскемен титан-магний комбинатының титан құймалары мен қорытпаларын өндіру зауыты, Ақтоғай және Бақыршық тау-кен байыту комбинаттары сияқты әлемдік деңгейдегі жаңа заманауи өндірістер іске қосылды. Қазақстанның әлемдік нарықта уран өндіруде көшбасшылығын сақтай отырып, жылу бөлетін заттардың экспортқа бағытталған бірегей өндірісі құрылды.
Қазақстанның пайдалы қазбаларының басты «қоймасы» бола отырып, облыс, жылына миллион тоннаға жуық мырыш, титан, мыс, қорғасын, алтын, күміс, сирек кездесетін металдарды экспорттайды.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, бұл жетістіктердің барлығы - шығысқазақстандықтардың ерен еңбегі және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесі.